Шымкентте көбелектер көрмесі ашылды

Көрме облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтуде
Көбелек те тәттіні сүйеді
Көбелек те тәттіні сүйеді

Тропикалық тірі көбелектерді көруге мүмкіндік туды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында аталған жәндіктің түр-түрін тамашалауға арналған көрме ашылды. Оны көруге келгендер даладағы дүлей боранды бір сәт ұмытып, ерекше ертегі еліне енгендей күй кешті.

Көбелектер көрмесі 18-ақпанға дейін жалғасады
Көбелектер көрмесі 18-ақпанға дейін жалғасады

Тропикалық аймақтан әкелінген көбелек көргенге керемет. Балалық шағыңды еске салады. Мұндай сәтті ешкімнің қалт жібергісі келмейді. Қала тұрғындары көрмеге көп жиналды.

Көбелек сұлулықтың сиволы екендігіне көз жеткізіңіз
Көбелек сұлулықтың сиволы екендігіне көз жеткізіңіз

Қанатты жәндіктер қуыршақ түрінде жеткізілетіндіктен, көрмеге келгендер сол сәтте жаңа көбелектің ұшып шығуына куә болды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар оңтүстік тұрғындарын «Идэя Левконоя», «Желкенді Тоас» және «Калиго» атты экзотикалық түрлерімен таныстырды. Қанатын жайғанда 18 сантиметрге жететін, Азияның түнгі шатырқанаты аталып кеткен әлемдегі ең ірі көбелектің бірі «Аттакус атласта» көрмеде көрсетілді.

Көрме облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтуде
Көрме облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтуде

Игорь Холодарь, көрмені ұйымдастырушы: Біз көшпелі көрме арқылы Қазақстанның барлық қалаларын аралып жүрміз. Шымкент 13-ші шахар. Тропикалық жәндікті арнайы-контейнермен әкелдік. Көбелектер көрмеде ұшып жүр. Көрермендердің кез-келгенінің иығына қонады. Тіршілік иесін тірі тамашалағанға не жетсін.

Ежелгі үнді аңызы бойынша иығына көбелек қонған адамның арманы орындалатын көрінеді. Көрмедегі керемет көрініске сізде де куә болыңыз. Мүмкін сәттіліктің, сұлулықтың символы саналатын жәндік жаныңызға жақындап қалар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XCuwT84rQms[/youtube]