Әл Фараби аудандық прокуратурасы қылмыстың алдын-алу шараларына кірісті. Аудан бойынша жасалған қылмыстар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда өскен. Құрамында салық басқармасы CЭҚБ және учаскелік полицейлер бар. Арнайы жұмысшы тобы қаладағы ойын-сауық орындарындағы заңсыз спирт ішімдігін саудалау мен түнгі 11 .00-ден кейін жұмысты тоқтату мәселесі бойынша рейд жасады.
Бауыржан Момышұлы даңғылы бойындағы Пацун кафесінің әкімшілігі спирттік ішімдіктерді сатуға рұқсат берілген лицензиясын көрсете алмады. Айтылған желеу — барлық құжат қожайынның қолында, ал оның қайда екенін ешкім білмейді.
Алайда барлық құжаттың көшірмесі көпшілік тамақтану орнын басқаратын қызметкердің қолында болуы шарт. Бұл бір десек, салық басқармасының мамандары осы ойын-сауық орталығында сыра сатып тұрғандардың фискалды қондырғыны қолдана алмайтындарын көріп тағы бір таң қалды.
Есеп айырысудың арнайы қондырғы арқылы жүргілізмеуі де заңды өрескел бұзу болып табылады. Одан қалса бұл кафе білім ошақтарына тым жақын орналасқан. Ал заң бойынша спирттік ішімдіктер мектептерден кемінде 100 метр қашықтықта саудалануы тиіс. Енді бұдан былай қаладағы кешкі ойын-сауық және тамақтану орындары түнгі сағат 11:00-ден кейін есіктерін жауып, музыканы өшіруі тиіс.
Олай болмаған жағдайда әкімшілік шара қолданылады. Аудандық прокуратура қызметкерлері бұл жолы тәртіпті бұзғандарға ескерту парақтарын таратып, онымен танысқандары жөнінде қол қойғызып алды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Qr8Tbr9k5yI[/youtube]