Шымкенттің гандболшылары спартакиадада топ жармақ

212

Допты қақпаға соғудың түрлі тәсілін шымкенттік гандболшылар күн сайынғы жаттығуларда шыңдауда. Олардың бірқатары команданы енді ғана толықтырған. Сол себепті де дайындық жұмыстары күшейтілген. Күніне екі реттен жиналуға мүмкіндік болмаған соң, берілген бір жарым сағаттың ішінде барлық әдісті қолдануға тырысады.

Шымкенттің гандболшылары жаттығуларын күшейткен
Шымкенттің гандболшылары жаттығуларын күшейткен

Яшин Нарметов, жаттықтырушы: «Өткен жылы халықаралық турнирге шет елге шыққан едік. Нәтижесінде республикалық турнирде жеңіске жеттік. Оқу жаттығу жиыны дүрыс бағытта өткенінің қорытындысы деуге болады. Енді биыл да сол жетістіктерді қайталай алсақ деп жоспарлап отырмыз».

Жаттығу орны тапшы. Сол себепті де жеткіншектер дайындық орнының тозып кеткеніне аса көңіл бөле бермейді. Барымен базарлап, осыған да қанағат дейді.

Бұл жеткіншектердің бесеуі ел құрамасымен бірге оқу жаттығу жиынына бармақ. Олардың барлығы да еліміздің негізгі командасында ептілік таныта білетініне бапкер сеніммен қарайды. Оның үстіне отандастарымыз биыл жастар арасындағы басты ойындарда сынға түсетін болады.

Жерлестеріміздің алдында биыл да бірқатар республикалық турнирлер күтіп тұр. Ең бастысы биыл да облыс қоржынын медальдарға толтыру.