Шымкенттік оқушы тамақты өзі қозғайтын ыдыс ойлап тапты

Қатысушылардың дені шығармашылық жұмыстарын ауыл шаруашылығына арнаған
Техникалық көрмеге жоғары сынып оқушылары қатысты
Техникалық көрмеге жоғары сынып оқушылары қатысты

 

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде студенттер мен оқушылардың бас қосуы Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауын талқылап, жастарға сеніп тапсырған басты бағыттарды қарастыруға арналды. Осыған орай ашылған фестиваль аясында белсенділер әсіресе, жастар саясатын жүзеге асыруда мұның маңызы зор деп санайды.

Ал фестивальдің екінші күнінде қаламыздағы 46 мектептен келген 108 оқушы ғылыми жұмыстарын ұсынып, көрме ұйымдастырды. Химия, физика пәндері бойынша жүлдегер атанып жүрген жас ғалымдар өздерінің білімдерін тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практика жүзінде де дәлелдемек. Олар ойлап тапқан жаңалықтарын болашақта қолданысқа енгізуді қалайды.

Қатысушылардың дені шығармашылық жұмыстарын ауыл шаруашылығына арнаған
Қатысушылардың дені шығармашылық жұмыстарын ауыл шаруашылығына арнаған

«Мектеп қабырғасында жүріп-ақ ғылымға бас қойған оқушылар физика пәні бойынша шығармашылық жұмыстарын көрмеге қойды. Олардың жұмыстарын арнайы құрылған қазылар алқасы бағалайтын болады. Мұндай шара алғаш рет өтіп отырған жоқ. Өйткені, біз жыл сайын оқушылармен тығыз жұмыс жасаймыз және олармен болашақта бірге жұмыс жасауға дайынбыз»,- дейді техника ғылымдарының кандидаты Қалдыбай Наурызбаев.

№23 мектептің он бірінші сынып оқушысы Владимир Алексанин көрмеге алғаш рет қатысуда. Ол бос уақытын түрлі ыдыстарды ойлап атуып, сынақтан өткізіп көруге арнайды. Сондықтан, мына кастрюлін болашақта үй шаруасына қажетті ыдыс болатынына сенімді.

«Көрмеге кастрюльді ұсынып отырмын. Меніңше, бұл үй шаруасына қажетті әрі қолайлы зат. Өйткені арнайы тамақты қозғап, араластырып тұратын құрылғысы бар. Бұл  балалы аналар үшін өте тиімді. Кейде қолы тимей жатқан адамдар үшін де пайдалы»,- дейді ашқан жаңалығыны қуана жеткізген Александр.

Қалалық білім бөлімімен бірлесе өткізген көрме ОҚПУ-нде жыл сайын ұйымдастырылады. Бұл біріншіден оқу орнын болашақ түлектерге таныстыру болса, екіншіден жас ғалымдарды анықтап, олардың жұмыстарын назарға алу болып табылады.