Қала әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі Шымкент көшелеріндегі ретсіз сауданы жоюға кезекті рет кірісті. Естеріңізде болса бұған дейін бұл келеңсіздікпен қалалық мәслихаттың депутаттары, Нұр отандықтар күрескенболатын, бірақ әзірге көше бойына жайғасып сауда жасаушыларды жеңген ешкім жоқ.
Десе дегендей заңдылықтың орындалуын қадағалауға құзырлы мекемелерде ауыз біршілік болмай тәртіптің болмайтындығы талайдан белгілі. Бір ғана кімдіктің әрекетінен нәтеже жоқ. Олар 65 саудагерге әкімшілік шара көрумен шектелген.
Форма киген полицейлеріміз көлеңкені паналамай көпке шығып жұмыс жасаулары қажет. Бір қызығы бүгінгі рейдте құқық қорғаушылардың қарасы да көрінбеді.