Оңтүстікте күн күрт жылынып, Сырдарияда мұз ери бастады. Қазір өзен арнасы 15 сантиметрге көтерілді. Шардарадан төмен қарай секундына 400 текше метр су келіп түсуде.
Оның үстіне өңірде биыл қар мол. Қазір мамандар өзеннің арнасын жіті бақылауда. Сыр аумағындағы 51 елдімекенді су басу қаупі бар. Бұл аймақтардың тұрғындарына қауіп жөнінде ескертілді.
Тасқын болған жағдайда оларды уақытша орналастыру бекеттері сақадай сай. Бөгетті нығайту жұмыстары да жасалып жатыр.