Табиғат апатынан зардап шеккендерге зейнеткерлер қол ұшын беруде

353
Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Созақ, Сарыағаш аудандарына көмек көрсету үшін құрылған арнайы есеп-шотқа ақша аудару аудандар арасында бәсекеге айналыпты

 

Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Созақ, Сарыағаш аудандарына көмек көрсету үшін құрылған арнайы есеп-шотқа ақша аудару аудандар арасында бәсекеге айналыпты
Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Созақ, Сарыағаш аудандарына көмек көрсету үшін құрылған арнайы есеп-шотқа ақша аударуға болады

Шымкентте осыдан 10 күн бұрын табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Созақ және Сарыағаш аудандарының тұрғындарына көмек беру мақсатында қайырымдылық қоры құрылған болатын. Оған ұйтқы болған «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлестігі.

11 адамнан құрылған арнайы комиссия қор жұмысын үйлестіріп, қадағалауды қолға алған. Ашылған есеп-шотқа жерлестеріне көмек беремін деушілердің әрбірі үлесін қосып, ақша аудара алады. Қазіргі таңда онда түскен қаржы көлемі 76 млн. теңгені құрап отыр.

Былтырғы жылы да қоғамдық бірлестік Ордабасы ауданындағы топан судан баспанасыз қалған азаматтарға осындай есеп шот ашып, жарты жыл ішінде 88 млн. тенге жинаған болатын.

Әдеттегідей, кәсіпкерлер мен бюджеттік ұйымдардан кейінгі орында зейнеткерлер тұр. Олар өзгенің қайғысына немқұрайлылық таныта алмайтынын айтып, аз да болса, өз зейнетақысынан қаржы аударуда.