Шымкентте ас атасы төңірегінде қып қызыл дау шықты. Қала тұрғыны бөлке нанның ішінен тышқанның құмалағын тауып алдым деп шағымданып жатыр. Бірақ өнім өндірушілер мұндай сорақылық болуы мүмкін емес деп азар да безер. Ал СЭС мамандарының жауабы да қызық болды. Олар шу шығарған нанды тексеруге алмай қойыпты.
Рабиға Қадырова нан алып, ұшынып қаламын деп ойламаса керек. Бірақ керісінше болды. Үй маңындағы дүкеннен алған бөлке нанның ішінен Шаш пен тышқанның құмалығы шыққан. Мұндай сұмдықты көріп, жағасын ұстапты. Ол ас атасын мына дүкеннен сатып алдым деп отыр. Арнайы түбіртек бермесе де, нанды өздерінен алғанын мойындаған дүкен иесі қандай да бір түсінік беруден қашқақтайды. Өйткені нанды мен емес, наубайханада псіреді деп ақталады.
Бұл жекеменшік наубайханасы бар кәсіпкер Шухрат Мадикаримов. Бір күнде 20 қап ұнда дәл осы елекпен елейді екен. Алғашында менің наным емес деп ақталған кәсіпкер барлығында санитарлық талапқа сай жасаймыз деп шырылдады. Бірақ, сөзі мен ісінің алшақтығы мына кадрларда айтпаса де белгілі. Бір қызығы бұл мәселені бізге дейін өзі шешпек те болыпты.
Шухрат Мадикаримов, кәсіпкер: «Мен 10 мың теңге мен екі қап ұн бердім. Алдыңыз, тағы да екі мың теңге сұрадыңыз».
Ал шағымданушы шу шығарған нанды алып санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау басқармасына шағымданды. Алайда арызын алып қалғанымен, нанын тексермейтінін естіген де жағасын ұстады. Санитар мамандар тек арыз бойынша 15 күннің ішінде тексеру жүргізіп, нәтижесін жазбаша жариялаймыз деп отыр.
Болат Нұрманов, әл-Фараби аудандық СЭҚБ-ның бас маманы: «Егер кәсіпкердің санитарлық талапқа сай емес жұмыс жасағаны тексеру барысында анықталатын болса, оны уақытша жабуға шешім шығарамыз».
Бірақ тышқанның нәжісі бар наннан ұшынған Рабиға Қадырова мұнымен тоқтамақ емес. енді ол өз ақшанасы ас атасын сараптамадан өткіземін деп отыр.
Рабиға Кадырова: «Мұсылманбыз ғой дейді, сонда мұсылмандар тышқанның боғын жеп отыра беру керек пе? Нанды жемек түгілі, көре алмайтын күйге түстім. Мұның бір шешімі болу керек қой. Мен Елбасының сөздерімен келісемін. Жұмыс істе, күніңді көр дейді. Бірақ адал жолмен. Кәсіпкерлер шектен шығып кетті».
Рабиға енді бөлке нана жемейтін болдым дейді. Ал СЭС мамндарының тексеруінен қандай қорытынды шығатыны алдағы 15 күнде
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3Tp9QTWNEp8[/youtube]