Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды…

22
Костанайские элеваторы оказывают услуги после предоплаты

 Биыл жиналатын астық елді нанмен толық қамтамасыз етуге жетеді. Үкімет отырысында  Ауыл  шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жалпы жиналатын астық 16 млн тоннаны (бидай 11,3 млн тонна) құрайды. 3 млн тонна көлеміндегі ауыспалы астық қалдықтарын ескерсек, елді нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті, – деді .

Министрдің айтуынша, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 4,7 млн тонна астық құйылды, оның ішінде 1,8 млн тонна – 3-сыныпты астық.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алаң 24 млн гектарды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға көп. Оның ішінде астық жиналатын алаң – 17,1 млн гектар.
Қазіргі таңда барлық өңірде егін орағы аяқталуға жақын. Облыс әкімдіктерінің ақпаратынша, 16,9 млн га (98,7%) астық жиналған. Орташа өнімділігі 9,7 ц/га бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық бастырылды, оның 11,4 млн тоннасы –бидай (өнімділік 8,6 ц/га).
Егер дақылдар бөлінісінде қарасақ, бидай жиналатын алаң 13,4 млн га құрайды, өнімділігі – 8,6 ц/га, 11,4 млн тонна бастырылды. Майлы дақылдар 1,9 млн га немесе 68%. Орташа өнімділігі 8,4 ц/га болғанда 1,6 млн тонна май тұқымы жиналды. Оның ішінде күнбағыс орташа өнімділігі 11,6 ц/га болып, 747,5 мың тонна бастырылды.
Картоп 168,8 мың га аумақтан толығымен жиналды, жалпы өнімділігі 206,4 ц/га болып, 3,5 млн тоннаны құрады.
Көкөніс дақылдары 162,4 мың га алаңнан жиналды, өнімділік – 263,7 ц/га, 4,3 млн тонна.