ВИЧ статусын жария еткен медбике іздестірілуде

738
ОҚО-да 200-ден аса ВИЧ позитивті бала өмір сүреді
ОҚО-да 200-ден аса ВИЧ позитивті бала өмір сүреді
ОҚО-да 200-ден аса ВИЧ позитивті бала өмір сүреді

Абай ауданының полицейлері медбикеге іздеу салды. Сақшылар мектепте жұмыс істеген ақ халатты маманды медициналық құпияны жария етті деп отыр. Оның ВИЧ індетін жұқтырған баланың дертін білген соң мектептен шығарып жіберу оқиғасына қатысы бар. Оқиға өткен жылдың күзінде болған. ВИЧ статусы жария болып, мектеп гимназиясынан қуылған баланың ата-анасы құқық қорғау органдарына арызданған.

Бұл ВИЧ статусы белгілі болған екі оқушыны мектептен шығару оқиғасы. 2012 жылдың қазан айы. «Төржан» жекеменшік мектеп-гимназиясының басшысы медбикеден балалардың диагнозын білген соң, ата-аналарына оларды мүлдем алып кетуін сұранған. Арада 3 ай өткен соң, бір оқушының ата-анасы құпияны жария еткені үшін медбикенің үстінен арызданады. Ал медбике үйінде же, жұмыс орнын да жоқ. Қашып жүр,-дейді полицейлер.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы: «Бұл біздің тәжірибемізде алғаш рет деп есептеймін. Ата-ана баласының ВИЧ статусын жария еткен медбикеге қатысты шағымданып отыр. Қазіргі күні учаскелік полицейлер оны іздестіріп жатыр. Ұсталған соң, одан жауап алынады. Бірақ, жазаның қандай боларын біз білмейміз. Өйткені, бұлі біздің де, соттың да алғаш рет жүргізейін деп отырған ісі».

Қанат Әлсейітов, оңтүстіктегі жалғыз өз мұңын бетін жасырмай айтып жүрген әке
Қанат Әлсейітов, оңтүстіктегі жалғыз өз мұңын бетін жасырмай айтып жүрген әке

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы Шымкентте ВИЧ індетін жұқтыру оқиғасы орын алды. Қазір облысымызда ВИЧ-позитивті 200-ден аса бала бар. Оның 170-і мектепте оқиды. ата-аналардың ішінде жалғыз Қанат Әлсейтов қана баласының айықпас дертке шалдыққанын жасырмайды. Бұл ретте тәжірибе жинақтап, қаншама ізденістер жасаған әке аталған іске қатысты да өз пікірін ашық айтты.

Қанат Әлсейітов: «Заң бойынша ВИЧ инфекциясы бар балалардың аты-жөні құпия сақталуы тиіс. Алайда қазір мектеп дәрігерлері денсаулық сақтау министрлігіне емес, білім саласына бағынады. Мектеп директоры жұмысқа медбикені өзі алады. Осылайша мектеп медбикесі мектеп директорына тікелей бағынышты болып отыр. Сондықтан директорлар қазір балалар туралы барлық медициналық мәліметті біледі, осыдан келіп, дәрігерлік құпия сақталмай отыр. Осының салдарынан мектеп жасындағы ВИЧ-ке шалдыққан балаларымыздың бәрі қудалауға ұшырауда. Бұл жағдайда менің айтарым, медбикені ғана емес, мектеп директорын да жауапқа тарту керек. Және мәселені қоғам болып шешетін уақыт әлдеқашан жеткен. Бірақ менің сөзіме құлақ асар ешкім жоқ. Тіпті, ВИЧ індетін жұқтырғандардың емделуі кезінде (жыныстық қатынас арқылы да) ешкімге бұл ауруды жұқтырта алмайтындығын ешкім ашып айтпай отыр. Бұл барлығының құлағына жетсе, мұндай келеңсіздік болмас та ма еді».

Шындап келгенде, балалардың денсаулығын қорғауға қатысты істердің барлығы құқық қорғау органдарына жете бермейді. Өз құқығын «не істей аладымен» аяқтайтындар арызын аяғына дейін жеткізбей, істі орта жолда қалдырады. Мәселен, ІІдеп -нің баспасөз хатшысының мәлімдеуінше Мақтарал ауданында дәрігердің салғырттығынан туберкулезге шалдыққан баланың ата-анасы шағымданудан бас тартқан.

Үлкендердің әрекеті балалардың құқығын шектесе, енді бірі немқұрайлылық танытқаны сонша балалардың өміріне балта шабады. Ал ұл-қыздар ата-анасының жасаған қадамын көбінде үлгі тұтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gvXvyG8-rB0[/youtube]