«Жолдос көмекке асығады». Шымкент полицейлері балаларға жол ережесін жаңа әдіспен үйретуге көшті. Енді олар бүлдіршіндерге мультфильм көрсету арқылы, жолда сақ болуға шақырады. Бұл үшін арнайы шығарылған «Жолдос көмекке асығады» атты анимациялық фильм балаларға көрсетіле бастады. Мультфильмнің басты кейіпкері Жолдос кішкентай достарына жолда жүру ережесін үйретумен қатар, қауіпті жол оқиғасынан шығу жолдарын қарастырады.
Мейір Ыдырыс, оқушы: «Маған мультфильм өте қатты ұнады. Жолдос қай кез болса да бірден алаларға көмекке келеді. Оның айтқандарын тыңдай отырып, көптеген жол ережерінен хабардар болдық. Әсіресе велосипедпен қай жерде және қалай жүру керектігін білдім. Достарыма да айтамын».
Қазақ және орыс тілде шыққан анимациялық фильм республиканың түкпір-түкпірінде мектептерде, кинотетрларда көрсетілуде. Ал облысымыздың шалғай аудандарындағы білім мекемелеріндегі оқушылар да бұл қызықты дүниеден құр қалмайды. Жол полиция баcқармасының мамандары мультфильмнің жол көлік оқиғаларының азаяюына көмегі көп болады деп сенеді. Айта өтейік, өткен 2012 жылы бүлдіршіндердің қатысуымен облыс бойынша 348 жағдай тіркелсе, оның салдарынан 58 бала көз жұмған, ал 331 -і жарқат алған.