Қарсы бағытқа шығып кеткен жүргізушілер құрықталды

30
фото dzen.ru

Бүгінде көшені космос деп ойлап, ызғытатындар да, қарсы бетке шығып кетіп ойына келгенін істейтіндер де  артпаса кемімей отыр. Күні кеше Шымкент көшелерінде кортеж өрескел жол ережелерін бұзған. Ал істеген істеріне «сый» ретінде жүргізуші куәліктерінен айырылды.

 

Үшінші мегаполис көшелерінің бірінде болған “форсаж қойылымы” жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған.  Қарсы жолаққа шығып кеткені үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 596-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жас жігіттердің жол ережесін өрескел бұзған әрекетін ЖБО инспекторларының нұсқауымен келген патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатты.

Жол ережесін бұзу жауапкершіліктен босатпайтыны біле тұра осындай әрекетке барған жастар 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылды.