Қатерлі ісікке шалдыққан Мадиярға көмек керек

414
Мадияр Ақынов №9 мектептің 6-сыныбында оқиды

 

Мадияр Ақынов №9 мектептің 6-сыныбында оқиды
Мадияр Ақынов №9 мектептің 6-сыныбында оқиды

Алматыдағы білікті онколог Мадиярдың тамағында қатерлі ісіктің барын өткен жылы мамыр айында анықтаған. Қысқы уақытта жөтеле бастаған соң дәрігерге қаралғанымен, жұтқыншақтағы ісіктің үлкейгенін кеш білген. Жуырда ғана 7-ші химиялық терапиясын қабылдаған бала психологиялық күйзеліске де ұшыраған. 

Райхан Рысымбетова, Мадиярдың анасы: «Алматыға барғанға дейін ондай диагноз қояды деп ойлағаным жоқ. Қыста суықтап қалды. Бірақ, үйде емделіп жүрдік. САбақтан да қалмады. Кейін мойны ісіп кетті. Онкологқөа барған едік. Биопсия алып, Алматыға жіберді».

Мадиярдың жайымен жергілікті дәрігерлер де таныс. Бірақ аурудың неден болғанын олар да айта алмай отыр. Тек құр статистика. өткен жылы 75 баланы қатерлі ісігі бар деп тіркеуге алған. Ал есептегі 205 жастың 37-нің өмірін сақтай алмаған.

Жеңіс Сәрсенов, балалар онкологы: «Ақыновты білеміз. Бірақ, неден болғанын білмейміз. Ең нәзік жер болғандықтан, жұтқыншаққа операция жасалмайды. Тек химиятерапиямен ғана емдейді. Бізге келгенде метостазбен келді. Үшінші дәрежелі деп диагонз қойылды. Ал мұның себебін білсек, ондай жағдайларды болдырмай, алдын алар едік».

 

Оңтүстікте қатерлі ісікке ұшыраған 205 бала бар
Оңтүстікте қатерлі ісікке ұшыраған 205 бала бар

Ал 12 жасар Мадиярдың арманы көп. Білімге құштар бала сауығып кетсем анама тірек болар едім дейді. Кітапты жиі оқуға химиялық емдің әсері мүмкіндік бермейді. Бала зауқы соқпай, әлсіздіктен төсекке таңыла береді. Өлім мен өмірдің арасында жатқан ұлының жанын сақтап қалу үшін анасы Оңтүстік Корея мамандарының көмегіне жүгініпті. Ондағы медициналық институт баланы емдеуге келісім берген. Бірақ, ол үшін 20 мың АҚШ доллары қажет.

Науқас баласын бағып отырған жұмыссыз ананың мұндай қомақты қаржы жоқ. Сондықтан, олар жомарт көңілді қайырымды жандардан көмек сұрап отыр.

kz896010002001830792

Тел: 57-00-64; 8-778-121-11-17

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MX_oTO9uJi4[/youtube]