Алтынды заңсыз өткізбек болғандардың жолы қиылды

Алтындардың жалпы салмағы 400 грамды құраған
Алтындардың жалпы салмағы 400 грамды құраған
Алтындардың жалпы салмағы 400 грамды құраған

Оңтүстіктің кеденшілері кезекті рет заңсыз тауардың жолын қиды. Әккілер кеденнен 30 тоннадан астам кептірілген жеміс, кондитерлік өнімге толы декларациясы толтырылмаған екі мәшинені алып өтпек болған.

Оған қоса мал жемі және алтын бұйымдарының 40 данасын заңсыз өткізбек болыпты. Ұсталғандар өз ісін түрлі тәсіл арқылы іске асырмақ екен. Кейбір заттарын белдігіне жасырса, енді бірін декларацияда көрсетілгеннен аз етіп жазбаққа әрекеттенген.

Контрабандалық тауарлардың бұдан әрі қарайғы тағдырын енді сот шешеді. Алайда, кеден қызметкерлерінің сөзінше, бұл заттар жойлыуы тиіс.

Ал алтынға қатысты әзірге ешқандай жауап берілмей тұр. Бұл жөнінде «Әуежай-Шымкент» Кеден бекетінің бастық орынбасары Сұлтан Игісіновтің сөзінше, алтын бұйымдарын сот мемлекет пайдасына өткізуі мүмкін екен.