Тазалық үшін себілген су мұзтайғаққа айналды. Төле би көшесіндегі жағдай бүгін таңертеңнен көлік қозғалысын қиындатты. Көлік жүргізушілерінің коммуналдық сала қызметкерлеріне өкпесі қара қазандай. Күрделілік қолдан жасалған деп отыр олар.
Ихтияр Шәдібеков, көлік жүргізушісі: «Төлеби көшесімен Ордабасы алаңына дейінгі жолға таңертең су сепкен. Ол аяздан қатып, көктайғаққа айналды. Төмен түсу мүмкін емес. Алдыңнан жолаушы шығып қалса, тежегішті бассаңда тоқтай алмайсың. Аязда су сеуіп не көрінді. Шаң болмасын деп күн жылынғанда түсте себуге болмайды ма?»
Төлеби көшесіндегі бұл аралық «Бәйтерек ЛБ» ЖШС тиесілі.