Шымкентте көлік ұрыларына қатысты сот үкімі шықты. 23 және 24 жастағы жігіттер көпқабатты үй маңында тұрған көлікті ұрлағаны үшін айыпталған.
Анығырақ айтсақ, оқиға қаламыздағы «Теріскей» шағынауданындағы №60 үйдің алдында болған. Олар бұл ойын түн ортасында жүзеге асырған екен. Жұрт шырт ұйқыда жатқан кезде Есжанов Н. азаматқа тиесілі «мерседес» көлігінің терезесін сындырып, оны айдап кетеді. Бірақ, көп ұзамай қолға түскен. Ұрланған автокөлікті сатып жатқан кезде полицейлер жас жігіттердің қолдарына кісен салса керек. Бұл істі қараған Еңбекші аудандық соты, ұрыларға шартты түрде бас бостандығынан айырды (ҚР Конституциясы 175 бабы, 3-бөлім, б-тармағы бойынша).
Низамиддин Жамашев, Еңбекші аудандық сотының төрағасы: «Сотталушы Омаров пен
Жұмағалиевке ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін айып тағылған. Алайда, сот процесі кезінде жәбірленуші ұрланған мүлікті толықтай қайтарып бергендіктен бұларға кешірім беретіндігін айтып, өзінің жазбаша өтінішін берді. Бұл енді қылмыстың санттарына байланысты ауыр қылмыстардың қатарына жатады. Бірақ, келтірілген залалдың қалпына келгенін, бұрын олардың сотталмағанын, жәбірленушімен татуласқанын сот ескеріп, оларға шартты жаза белгіленді. БАҚ-та орташа ауыр қылмыстарға бас бостандығын айыру беріледі де, ауыр қылмыстарды бостандықа жібереді деп көп айтылып жатыр. Бүгінгі қылмыс та ауыр екенін ескергенімізбен, жәбірленуші тарап кешірім беріп отыр. Қазір сотталушылырдың екеуіне де, қорғаушыларға, прокурорға да соттың үкімі осылай табыс етілді. Ал үкімге келіспеген тарап 15 тәулік ішінде облыстық соттың қылмыстық істер алқасына арыздануына құқылы екені де түсіндірілді. Бұдан басқа 2 сотталушыға шартты жазаны орындамаған жағдайда келешегі не болатыны да түсіндірілді. Яғни, осы 3 жыл ішінде қайта қылмыс жасайтын болса, олар міндетті түрде жазаға тартылады. Егер осы мерзімнің жартысын өтегеннен кейін бұзақылық жасап, я болмаса басқада қылмыстар жасамайтын болса, мерзімінен бұрын шартты жаза алынып тасталынады».
Енді айыптылар қала сыртына шыға алмайтын болды. Сондай-ақ, полицейлердің қара тізімінде болады. Қос көлік ұрысына жәбірленуші тарап кешірім бергені үшін жазасы жеңіл болған. Әйтпегенде темір торға қамалуы да мүмкін еді. Айта өтейік, бұл облысымызда 2013 жылы ұрлық бойынша өткен бірінші сот отырысы.