Еліміздің жұдырығы тоқпақтай арулары Шымкент төріне жиылды. Жеңіл атлетикалық спорт кешенінде керілген шаршы алаң ел чемпиондарын анықтамақ. Тоғызыншы рет байрағы түрілген сайысқа 286 бұрымды боксшы шақырылыпты. Олардың арасында жасөспірім, жастар және ересектер сапындағы кіл шеберлер бар. Тізімде Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнованы да кезіктірдік. 25 ақпанда басталған бәсеке наурыздың 3-і күні аяқталады. Айта кетейік, турнирдің бас демеушілері – «ПетроҚазақстанОйлПродактс» компаниясы, ОҚО бокс федерациясы және «Отырар» телеарнасы.
Тағабай ҚАСЫМ