Өткен жылы қылмыс саны көбейген. 2011 жылы 449 қылмыстық іс қаралса, 2012 жылы 502-ке жеткен. Бұл туралы Абай аудандық сотында өткен брифингте айтылды. Биылғы жылдың бір айының өзінде екі судьяға 56 қылмыстық іс келіп түскен. 821 азаматтық іс өндірісте жатыр. Қылмыстық істердің саны өсуінің себебі көп. Десек те бір ұшы құқық қорғау өкілдерінде дейді аудандық сот төрағасы.
Ақылбек Елшібаев, Абай аудандық сотының төрағасы: «Қылмыстық істердің көбеюінің өзіндік себептері де бар. Бірақ бір ғана Абай аудандық сотында 2 судьяның қолында 56 қылмыстық іс бар. Сотқа дейінгі құзырлы орындар, тергеушілер мен прокурорлар әрбір қылмыстың салмағына қарап, санын азайтуға да болады ғой. Өйткені жеңіл қылмыстар, бітігершілікпен аяқталған қылмыстар… сотқа келіп түсетін қылмыстық істердің қатарын азайтады».
Өткен жылы сырттай сот шешімін шығару 28 пайызға кеміген. Сот процестеріне медиаторларды қатыстыру да қолға алынған. Бірақ медиация туралы заңнаманы түсіндіру тек сот жүйесінде белсенді жүріп жатыр, басқа өкілетті органдардың бұл істе баяулығы айтылды. Ал сот ісінің ашықтығы алдыңғы орында делінді брифингте.