Бұрын бұл дерттің құрсауына 50-ді еңсеріп, 60-қа аяқ басқандар шалдығатын болса, бүгінгі статистика басқаны айтады. 15 жастағы жеткіншектің де буыны ауырады

Қазақстанда 200 мыңға жуық адам буын ауруының зардабын тартып келеді. Ал әлем халқының 2 миллионы осы дерт бойынша арнайы тізімге алынған. Бұрын бұл дерттің құрсауына 50-ді еңсеріп, 60-қа аяқ басқандар шалдығатын болса, бүгінгі статистика басқаны айтады. 15 жастағы жеткіншектің де буыны ауырады. Алаңдарлық жағдай.

Бұрын бұл дерттің құрсауына 50-ді еңсеріп, 60-қа аяқ басқандар шалдығатын болса, бүгінгі статистика басқаны айтады. 15 жастағы жеткіншектің де буыны ауырады
Бұрын бұл дерттің құрсауына 50-ді еңсеріп, 60-қа аяқ басқандар шалдығатын болса, бүгінгі статистика басқаны айтады. 15 жастағы жеткіншектің де буыны ауырады

Буын ауруының негізгі себебі – шеміршек майының жойылуы. Медицина тілінде мұны остеортроз дейді. Дерт жылдан-жылға жасарып барады. Бұл жағдай тек отандық дәрігерлерді ғана емес, әлем мамандарын толғандырып отыр.

Шетелде буын аурулары обыр ауруынан кейін тұр. Яғни ауруға ат үсті қарамайды. Ал біздің елде бұл дертті емдеу ісі дұрыс жолға қойылмай-ақ қойды. Бұған арнайы буын ауруларын емдейтін орталықтың жоқтығы дәлел. Жалғыз буын ауруларын емдейтін институт бар. Алматыда. Онда да ол жерде тек ауыр науқастар ғана ем алады. Алайда бір жыл бұрын Шымкентте буын ауруларын емдейтін орталық ашылды. Жекеменшік клиника. Меңгерушісі көп жылдар бойы облыстық аурухананың ревмотология бөлімінде қызмет атқарған Шоқан Тілеуқұлұлы Баймұхамедов. Бүгінде аталмыш клиникаға тек жергілікті халық емес, Қызылорда, Жамбыл облысының жамағаты да бас сұғады.

Клиника меңгерушісінің айтуынша, буын ауруын емдеу саласына жаңа технологияларды енгізу керек. Мұның негізгі себебі жоғарыда айтылғандай, буыны ауыратын жас буынның қатары көп. Қол қусырып та отырғанымыз жоқ. Бұрындары емхана атаулыда ревмотолог маманның жетіспеушілігі анық байқалатын еді. Бұл мәселе бүгінде оңтайлы шешімін тапқан-ақ. Бірақ емдеу әдісі ескі.

Ревмотологиялық аурулар созылмалы дерт саналады. Тармақтары бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Сондықтан тек буын ғана емес, ағзаның өзге де мүшелерін емдеу қажет. Ревматологияның тұтастай медицинаны қамтитын сала екендігі де осыдан.

Буын ауруының негізгі себебі – шеміршек майының жойылуы. Медицина тілінде мұны остеортроз дейді
Буын ауруының негізгі себебі – шеміршек майының жойылуы. Медицина тілінде мұны остеортроз дейді

– Буын ауруларын емдеудің жалғыз әдісін қолданады бүгінгі дәрігерлер. Ол науқастың ауруын бәсеңдету. Ал негізі науқасты түбегейлі дертінен айықтыру керек. Буын аурулары клиникасының ашылуы да осы мақсатты көздейді, – дейді Шоқан Тілеуқұлұлы. – Сондықтан мұндағы ревмотолог мамандарға жауапкершілік күшейген. Басты міндетіміз – науқасты мүгедектікке ұшыратпай, дертті ерте кезден анықтап, ем-дом жасау. Ол үшін дәрі-дәрмекпен ғана емес, реабилитациялық жолмен емдеу де қолға алынды. Осы мақсатта емхана жаңа аппараттармен толықты. Бұл құралдар арқылы сүйек құрылымын, шеміршек майын анықтап, нақты диагноз қоюға болады.

Мысалы, остеартроз ауруын алайық. Ол зат алмасу процесі бұзылғанда пайда болады. Әйел адамдарда климакстан кейін бас көтеретін дерт. Тағы бір себебі бар. Кезінде аяғынан қатты соққы алып, елемей жүре беріп, қартаң тартқанда пайда болады. Үшінші себебі тұқым қуалайды. Бүгінде аталған дертпен 60 жастан асқан адамдардың 80%-ы ауырады. Бар мәселе буынаралық майдың ағып кетуінде. Кейде үлкен кісілер «тіземнің майы ағып кетті» дейді. Бұл тура мағынада айтылатын сөз екеніне дау жоқ. Мұндай жетіспеушілікті тізе майының жасанды түрі «остенил» деген дәрі алмас-тырады. Сонымен қатар буын ауруымен ауырғанда аяқ қисайып кетеді. Тізенің ішкі жағы тарылады да, сыртқы жағы кеңейеді. Мұндайда американдық «ортез» деген тәсілмен емдейді. Қазақшаласақ «тізе белдік» болады. Тізенің ішкі жағы мен сыртқы жағын бекітіп, сырт жағынан қысым жасайды да, кеңейген жер тарыла бастайды. Тар болып тұрған жер қалпына түседі. Сонда 20 градусқа дейін орнына келтіруге мүмкіндік бар. Осындай жоғарғы технологиялар тізенің жасанды түрі, яғни ота арқылы тізені ауыстыратын жағдайға жеткізбейді. Өкінішке қарай емнің бұл жаңа тәсілі кез келген ауруханада жоқ.

Буыны ауыра бастаған адам ең алдымен терапевтке, невропотологқа, травматологқа қаралады. Ал ревматолог деген маманның бар екеніне аса мән бермейді. Ал шын мәнінде шеміршек аралық майдың ағып кетуінен үшінші кезеңге дейін ревматолог дәрігерлер қарайды. Ал аурудың төртінші, яғни соңғы кезеңін травмотолог-ортопед мамандар емдейді. Травматологтар буынды кесіп алып тастап, темір буын қояды. Қазір мұндай отаға екі мыңнан астам адам кезекте тұр. Бұл науқастың дер кезінде дәрігерге көрінбеуінен. Дертті өршітпей, дәрігерге барса жағдай мүлдем басқаша болар еді. Себебі соңғы үлгідегі емдік технологияларды енгізу арқылы ауруды тоқтатуға барлық мүмкіндік бар. Тізе ауырып, бел сырқыраса ауырғанын басатын дәрілерді пайдаланып қана жүре беруге болмайды. Уақыт – алтын. Аяғы ауырған кезде ревматолог дәрігерге ертерек қаралған дұрыс.

Буын ауруларымен тек қана үлкендер ғана ауырады деу қате пікір. Бұл аурумен балалар да ауырады. Жанды ауыртып отырған жайт та осы. Қазір бұндай ауруларды емдеу арзан емес. Неге десеңіз, жаңадан шыққан гендік инженерлік биологиялық кабинеттің бағасы бір адамға 20 мың доллардан асып кетеді. Ауруды асқындырмаудың негізгі себебі де осында жатыр. Егер сүйек құрылымыңызды бақылап, тізе майыңыздың дәрежесін білгіңіз келсе, ревматойдтты аурулардың алдын алғыңыз келсе Шымкент қалалық буын аурулары ауруханасына келіп, білікті дәрігердің кеңесін алуыңызға болады. Клиника Шымкент қаласы, Ә.Сасбұқаев көшесі, 32 «а» үйде орналасқан.

Ақмарал МЫРЗАХМЕТОВА

Шоқан Баймұхамедов
Шоқан Баймұхамедов

Шоқан Баймұхамедов, дәрігер-ревматолог

– Аурудың пайда болу себебі әртүрлі. Көп жағдайда адамның аз қимылдауы, суық тию, экология, кальцийдің жетіспеуінен туындайды. Адам 25 жасқа дейін-ақ кальцийді өз ағзасынан шығара алады. Ал 25 жастан кейін міндетті түрде ағзаның кальций қорын толықтырып отыру керек. Мұндайда сүт, сүт өнімдерін мол пайдаланудың маңызы зор. Бұл ауру асқынып кетсе өмір сапасын нашарлатады. Тіпті мүгедектікке де алып келуі ықтимал. Сондықтан әр азамат өз денсаулығына аса үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Бізге келетін науқастардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Жастар келгенде жанымыз ауырады. Дегенмен қолдан келген бар мүмкіндікті жасап, аяқтан тұруларына көмектесеміз. Жаңа аппараттарды да сол үшін алып отырмыз.