Созақтықтардың жағдайы жақсы
Созақтықтардың жағдайы жақсы
Созақтықтардың жағдайы жақсы

Қаңтардың қақаған аязы мен үскірік дауылынан зардап шеккен Созақтықтардың жағдайымен премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев танысып қайтты. Басына күн туған кезде, бірлік пен іскерліктің арқасында дін аманбыз деп сүйінші сұрады. Қатты зардап шеккен Таукент қалашығындағы Жыныс ауыл-округінің тұрғындарымен кездесіп қайтты.

Жойқын желден Теріскейдегі 16 ауыл зардап шекті. Екі мыңға жуық үй мен 60-тан астам түрлі нысандардың шатыры ұшқан, 10 мыңға жуық ағайын зардап шеккен еді. Сол кезде өздерін далада қалғандай сезінген тұрғындар бүгінде дер кезінде қол созғандарға риза.

Әсем Найманбаева, Таукент қалашығының тұрғыны: «Дауылдан кейінгі жағдайымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондай кезде қасымыздан табылған билікке мың алғыс. Бір аптаның ішінде шатырымызды жауып, жағдайымызды жасады».

Мұнда ең алдымен құлаған бағаналар орнатылып, электр жарығы берілді. Одан кейін шатырлар бүтінделген. Ауылдағы ағайын осы тірліктің барлығын премьер-министрдің орынбасарының алдында айтып берді.

Шатырлар жабылып, халық тынышталған
Шатырлар жабылып, халық тынышталған

Жөндеу жұмыстарына қол ұшын созу үшін өңірдегі барлық аудандардан бригадалар келді. Жалпы саны мыңнан астам құрылысшылар күн-түн демей жұмыс істеген. Абырой болғанда ауа райы да қарасты. Енді көмекке мұқтаж адамдардың құжаттары дайындалуда.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары: «Біз әкімдік тарапынан құжаттардың дайындалып біткенін күтіп отырмыз. Сол кезде ғана қажетті қаржыны бөлеміз. Бүгінгі таңға 836 миллион теңгенің шығын есептеп отыр».

Табиғат апатынан келген шығынның көлемін анықтайтын құжат дайындалып бітсе, үкімет тарапынан қаржы тез арада аударылады. Жаңа тағайындалған өңірлерді дамыту министрі осылай деп уәде берді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=z5utaaxq510[/youtube]