Бақытжан Сағынтаевтың тұсында жер учаскелеріне қатысты шешімдерге тексеру жүргізіледі

45

Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың тұсында жер учаскелеріне қатысты шешімдерге тексеру жүргізіледі. Заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады.

Бас прокурор Берік Асылов Медеу паркінде жеке меншікке өтіп кеткен жер телімдеріне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды. Бұл мәселені Мәжілісте Азат Перуашев көтерген болатын. Депутаттың айтуынша, Медеу табиғи паркінің 20 пайызы тұрғын үй қорына берілген. Мұны парк басшылығына ескертпеген.

Заңгерлердің мәліметінше, жерді бөлу және мақсатын ауыстыру жұмыстары басталып кеткен. Құрылыс жобаларын келісіп жатыр,- дейді. Мұнымен экология, жер және орман кодекстері бұзылып отыр. Перуашев Президенттің Іле Алатаудың етегінде құрылыс салуға тыйым салу туралы тапсырмасы да еленбей жатыр деген болатын.