Полицейлердің арнайы тіркеуінде тұрған мына азамат ауыр қылмысқа күдікті ретінде танылып отыр. Тергеушілердің айтуынша қара базарда құны 750-800 мың теңгеге бағаланатын 7 грамм есірктіні ол сатпақ болған. Бұл ісі үшін Сайрамдық соттан бірақ шықты.
Тергеу жұмыстары ұсталған азаматтың бұрын сотты болғанын анықтады. Ол аздай күдіктінің пәтерін тінту кезінде тағы салмағы 2 граммды құрайтын 5 қалта героин табылды.
Тергеу аяқталғанша күдікті қамауда болады. Ірі көлемдегі есірткіні сатуға әрекеттенген әккіні сотта аяп қалмасы анық.