«Izumy» сауда үйі ерлерге арналған жаңа топтама ұсынады

 

«IZUMY» сауда орталығына итальяндық Enrico Marinelli және Giovane Gentile брендтерінің жаңа ерлер топтамасы келді. Әлемге танымал брендтер өздерінің ерекше стилімен және түстер палитрасының тектілігімен баурайды. Izumy сауда орталығы қала тұрғындары мен қонақтарын сапалы сауда жасауға шақырады.

«IZUMY» сауда орталығы сәнді, ерекше, стильді итальяндық Enrico Marinelli және Giovane Gentile брендтерінің жаңа топтамасының келгенін қуана хабарлайды. Мұнда эксклюзивті және сапалы заттардың кең таңдауымен қатар, әрбір ер адам барлық жағдайға сәйкес келетін киім үлгісін табады.

Нигора Боратова, Izumy дүкенінің басшысы: «Сән – бұл жай ғана киім емес. Бұл адамды танытатын бейне және оның қоғамдағы мәртебесінің көрінісі. IZUMY сауда орталығындағы итальяндық брендтің жаңа топтамасы Enrico Marinelli – ерлер сән әлемінің сарапшысы. Enrico Marinelli әр қонаққа ерекше үлгілер жасай отырып, жоғары сапалы матасымен ерекшеленеді. Біздің кәсіби стилисттер кез-келген мереке үшін ерекше бейнені таңдайды.Той маусымы жақындағанына байланысты біз итальяндық Enrico Marinelli брендінің эксклюзивті үлгілерін ұсынамыз«.

IZUMY сауда желісі 24 жылдан бері Giovane Gentile және Enrico Marinelli брендінің Қазақстандағы ең ірі өкілі болып саналады. Жаңа топтамаларда түстер мен жанға жайлылық үйлесім тапқан. Киім мен аксессуарларды дайындау процесінде өте жоғары сапалы материалдар пайдаланылады, ал уақытты үнемдеу және көздің жауын алар бейнені таңдау үшін «IZUMY» сауда орталығында кәсіби сатушы-кеңесшілер жұмыс істейді. Олар әр түрлі елде тәжірибелі дизайнерлерінің басшылығымен білімін жетілдіріп отырады. «IZUMY» барлық тілек білдірушілерді қол жетімді бағамен сапалы сауда жасауға шақырады.

Izumy сауда орталығының мекен-жайлары:
Бәйдібек би даңғылы 53 (Нұрсәт шағынауданы);
Момышұлы көшесі 19;
Асқаров көшесі 39.