Оңтүстіктің кәсіпкерлеріне қойма салуды түріктер үйретеді. Бүгін Шымкеттегі халыққа қызмет көрсету орталығында арнайы семинар ұйымдастырылады. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 50-ден астам кәсіпкерлер қатысты.
Іскер азаматтар ауа райы ыстық біздің өлкеде басты проблемалардың бірі саналатын — жемістер мен көкөністерді бүлдірмей сақтауды үйренбек.
Біздің кәсіпкерлерді көкөніс қоймаларын салу саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар түріктің «Temesist» компаниясының мамандары оқытып, үйретеді.
Бүгінгі басқосу — кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жүргізіп отырған кең ауқымды шаралардың бір бөлігі ғана дейді орталықтың мамандары.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6BxMMJDZlt0[/youtube]