Úı ANONS Кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдауда атқарылған жұмыстардың тиімділігіне қатысты өткізілетін дөңгелек үстел өтеді

Кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдауда атқарылған жұмыстардың тиімділігіне қатысты өткізілетін дөңгелек үстел өтеді

фото baq.kz

 

Кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдауда атқарылған жұмыстардың тиімділігіне қатысты өткізілетін дөңгелек үстелге

ШАҚЫРУ

 

Өтетін күні: 2025 жылы 5 қыркүйек

Өтетін орны: «Qyzgaldaq saraiy» (Шымкент қаласы, Алатау батыр көш. 101/1)

Басталуы: сағат 10:00

 

2025 жылғы 5 қыркүйек күні Шымкент қаласының «Qyzgaldaq saraiy» ғимаратында кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдауда атқарылған жұмыстардың тиімділігіне қатысты дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысады.

Дөңгелек үстел алдында сағат 09:00-10:00 аралығында индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардың атқарылып жатқан жұмыстары, шығарылған өнімдері таныстырылады.

Жиын барысында кәсіпкерлікті қолдауда атқарылған жұмыстар, жаңа Салық кодексінің кәсіпкерлерге қатысты ерекшеліктері атап өтіледі, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқан тұлғаларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы