Көкөніс сақтайтын қоймаларды салуды енді түріктерден үйренеміз

308
Жаңа әдістерді талқылау қызу жүріп жатыр
Жаңа әдістерді талқылау қызу жүріп жатыр
Жаңа әдістерді талқылау қызу жүріп жатыр

Оңтүстіктің кәсіпкерлеріне қойма салуды түріктер үйретеді. Бүгін Шымкеттегі халыққа қызмет көрсету орталығында арнайы семинар ұйымдастырылады. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 50-ден астам кәсіпкерлер қатысты.

Іскер азаматтар ауа райы ыстық біздің өлкеде басты проблемалардың бірі саналатын — жемістер мен көкөністерді бүлдірмей сақтауды үйренбек.

Біздің кәсіпкерлерді көкөніс қоймаларын салу саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар түріктің «Temesist» компаниясының мамандары оқытып, үйретеді.

Бүгінгі басқосу — кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жүргізіп отырған кең ауқымды шаралардың бір бөлігі ғана дейді орталықтың мамандары.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6BxMMJDZlt0[/youtube]