Көліктерді техникалық бақылаудан өткізу орындары тексеруден өтеді

281
Техбайқау орындары тексеріледі

 

Техбайқау орындары тексеріледі
Техбайқау орындары тексеріледі

ОҚО-да көліктерді техникалық бақылаудан өткізу орындары қатаң тексеруден өтетін болды. Өйткені, олқылық көп. Тіпті, заңсыз түрде көлікті техбайқаудан өткізіп ақша тауып жатыр. Арнайы тексеру тобы үш күннің ішінде 600-ге жуық жалған құжатты тәркіледі. Енді аумақтық көлік инспекциясының басшылары Ресейден арнайы мамандар шақырғалы отыр. Сөйтіп, техбайқаудан қалай өткізу керектігін көрсетпек.

Облыстық жол полициясы басқармасы ғимаратының жан жағына тап осындай жалған куәлік жасап беретіндер жайғасқан. Аумақтық көлік инспекциясының үш күндік рейдтік шарасы талай азаматтың алданғандығын анықтаған. Бірақ, бүгінде олардың бірі де өз кінәларын мойындағысы жоқ.

Заңсыз әрекет ететіндердің бір парасы есіктерін жауып қашса, енді бірі әлі де болса ақша табуды ойлап тұр.

Осылай, жыл басынан бері ОҚО бар 26 техникалық байқау орындарынан 184 мың 600 автокөлік байқаудан өтіпті. Ал техбақылаудан өтуге міндеті көліктердің бар болғаны 47 пайызын құрайды десек, 270 автокөлік талапқа сай болмай шықан ол байқаудан өткен көліктердің 5 ақ пайызын құрайды. Осының бәрі сайып орталықтардың өз деңгейінде жұмыс жасамайтындығын көрсетсе керек.

ОҚО осы олқылықтарды егжей-тегжей тексеруге көлік инспекция министірліге арнайы мамандарды жолдамақ. Қорытындысында техникалық байқау орталықтарының жұмыстары сараланып лайықтылары ғана жұмыс жасайтын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bFjW8HdOvW8[/youtube]