Шымкент қаласында 7-ақпан күні таңертең «Алтын Дән» ЖШС-нің диірмені өртенді.
№1 диірмені ғимаратының астық тазартқыш бункерлерінің 3, 4 және 5-ші қабат деңгейіндегі сыртқы ағаш қаптамалары өртенді.
Онымен күреске ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 120 адамы мен 15 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылыпты.
Жалын 240 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.