Мәртөбенің көшесі өлім сызығына айналып барады

Мәртөбе ауылындағы ең қауіпті сәт ауысым алмасар уақыты
Мәртөбе ауылындағы ең қауіпті сәт ауысым алмасар уақыты
Мәртөбе ауылындағы ең қауіпті сәт ауысым алмасар уақыты

Тағы да жолдың жыры. Шымкенттің іргесінде Мәртөбе ауылының тұрғындары да дабыл қағуда. Айтуларынша, ауылдағы орталық көше қазір өлім сызығына айналып барады. Әсіресе мектеп маңында жол адам өміріне қауіпті. Олар бұл туралы «Отырар» телеарнасының сайтына жазған болатын. Оқырмандарының хатына бей-жай қарамаған редакция ұжымы Мәртөбе ауылына барып, қауіпті жолмен жүріп көрді.

Мәртөбе ауылындағы ең қауіпті сәт ауысым алмасар уақыты. Бір сағат бойы балалар жаяу жүргіншілер жолын кесіп өтіп, мектепке барады. Айтуларынша, мұндағы бағдаршам жиі өшеді, бірақ оған себеп, ауылдағы электр энергиясының мардымсыздығы.

Мектептің директоры бұл жағдай туралы қандай да бір түсінік беруден бас тартты. Педагогтың сөзінше, ата-аналар әрқашанда объективті арыздана бермейді. Айтуынша, соңғы кездері бағдаршам дұрыс жұмыс істеуде. Сондықтан қозғалыс қызметкерлеріне мектеп ұжымының назы жоқ.

Алайда жұмыс істеп тұрған бағдаршамның тыйым салынған белгілеріне бағынған көлік жүргізушілерін біздің түсіру тобы аялдаған аз ғана уақыттың ішінде байқаған жоқ. Республикалық маңыздағы орталық көшемен зуылдаған төрт доңғалақтыны ғана көресіз. Ешкімнің оқушы біткенде шаруасы жоқтығын бір бірімен жарысқан көліктердің гүрілінен ақ байқауға болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rlffU8f65wo[/youtube]