Сайрам ауданында Әлишер Науаи атындағы орта мектебінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол өзгенің атын жамылып, 1 млн 200 мың теңгені жымқырғаны анықталды.
Ол Мемлекеттік қызметтерді атқаруға өкілетті тұлға ретінде жұмыс уақыты туралы жалған табель мен шын мәнінде жұмыс істемеген адамдарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты бекіткен.
Сосын олардың шоттарына ақша аударып өзі алып отырса керек.