Мемлекет бөлген дәріні дәрігерлер бермейді

353
Есепте тұрғандарға тегін дәрі беріледі
Есепте тұрғандарға тегін дәрі беріледі

Мемлекеттен берілетін медициналық препараттарға деген қол жетімділік қаншалықты? Осы сауалға жауап іздеген Мақтаарал аудандық прокуратурасы аудандық орталық емханаға тексеру жүргізді. Тексеру барысында сала мамандары бірқатар құқық бұзушылықтардың бетін ашты.

Жалпы, Денсауық саулық сақтау министрі бұйрығымен бекітілген тізілімдеме бойынша 1 жасқа дейінгі нәрестелердің барлығы «Витамин Д3» препаратымен қамтылуы тиіс. Алайда, Мақтаарал ауданының қалалық емханасында бұл талап деңгейінде іске асырылмай отыр. Ақ халаттылар тиесілі пациенттерге препаратты таратпаған.

Мақтаарал аудандық орталық емхана, Асықата емхана, Атакент емхана, Мырзакент емханалары 1 жасқа толмаған 418 нәрестеге «Д3-витаминін» мүлде үлестірмеген болып шықты. Сондай-ақ ауданда 2 айға дейінгі жаңа туылған нәрестелерге тиесілі ана мен бала дәрі қобдишасына да қолжеткізе алмай жүргендер көп.

Мәселен, Мақтаарал аудандық орталық емхананың №51 учаскесінде өткен жылы 77 сәби дүниеге келген болса,оның оннан астамына дәрігерлік кобдиша берілмеген. Сол секілді кәмелетке толмаған жасөспірімдерге бөлінген дәрігерлік қобдишаны үлестіру де құйтырқылықтар бар. Ал ақ халаттылардың көше аралап, балалар денсаулығын бақылау жұмысы да көңіл көншітпейді.

Мақтаарал аудандық орталық емханада тіркеуде тұрған балалардың амбулаторлық қарталарының ішінара тексеру барысында дәрігер-педиатрлар мен медбикелердің сәбилердің денсаулығын байқау мақсатында үйлерге бармағаны белгілі болды. Сөйтіп сала мамандарының аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету нұскаулық талаптарын сақтамағаны анықталды.

Мәселен, өткен жылдың тамызында туылған сәбидің денсаулық жағдайына не учаскелік дәрігер не медбике бірде-бір рет бақылау жүргізбеген.

Қадағалаушы орган заң бұзушылыққа жол берген 26 медбике мен дәрігерді түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартса, прокурорлық актілер негізінде 1 жасқа толмаған 418 нәрестеге «ДЗ-витамині» үлестіріліп берілді.