Еңбекші аудандық прокуратурасы борышкерлермен жұмыс жүргізу мақсатында «Мемлекетке қарызыңды төле» атауымен акция ұйымдастырған болатын. Құзырлы орган қызметкерлері бүгін шара қорытындысымен журналистерді де хабардар етті.
Қадағалаушы орган бұл шараны облыстық сот актілерін орындау департаменті, Шымкент қалалық ІІБ, Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасымен бірлесіп өткізді. Бұған дейін прокуратура қызметкерлері мен аумақтық сот орындаушылары 532 млн. теңгенің атқару өндірісінің, оның ішінде әкімшілік айыппұлдар бойынша 60 млн.теңгені құрайтын 600-ге жуық өндірістің аяқталмай отырғанын анықтаған болатын.
Шара аясында сала мамандары борышкер 87 салық төлеуші кәсіпкерге ауызша түсіндіру шараларын жүргізді. Сондай-ақ, бірлескен топ әкімшілік айыппұлы бар көлік жүргізушілерін анықтау үшін рейдке шығып, қайсыбір қарызы бар борышкерлердің тұрғылықты мекен-жайларына дейін барған.
Нәтижесінде Еңбекші аумақтық сот орындаушылардың өндірісіндегі 2 500 000 млн. астам қаражаттың 1 800 000 теңге жуық қаражаты өндірілді. Ал айыппұлға қарыз 20 борышкерге заңды түсіндіру бойынша қадағалау актісі толтырылды. Онымен қоса,заңды процессуалды шешім қабылдау мақсатында облыстық қаржы полициясына айыппұлдан жалтарып жүрген кәсіпкерлердің құжаттары да жолданды.
Сонымен, «ЮгОйл-2» ЖШС-ң банк ұйымындарындағы есеп-шотындағы 900 мың теңгенің қаражаты мемлекет пайдасына өндірілді. Сол секілді сала мамандары қолданыстағы заңнамалардың қолдану және оның орындалу жағдайын зеттеп-зерделеп көрді. Пайымдауларынша. қолданыстағы заңнаманың солқылдақ тұстары көп.
Борышкерлермен жұмыс кезінде сала қызметкерлеріне сол шикіліктер қолбайлау болатын көрінеді. Сондықтан,сала мамандары құзырлы құжатқа өзгерістер енгізу қажет деген байлам жасап отыр.