Оңтүстікте жаңа туған шақалақты сатуға байланысты бір емес, екі факті тіркелді! Прокуратураға шағымданған әйелдің айтуынша, оны таныстары алдап, сәбиін Мақтаарал ауданының тұрғынына 150 мың теңгеге сатып жіберіпті.
Ал сатып алушы нәрестені Өзбекстанда босандым деп, жалған анықтама әзірлеген. Содан кейін өзіне құжат рәсімдеп алыпты. Прокуратураның хабарлауынша, екінші фактіде жаңа туылған сәби 100 мың теңгеге сатылған. Оны белгісіз біреу Шардара ауданынан әкеліп, Алматыға асырып жіберіпті.
Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.