Бұл факті бойынша ҚР ҚК 175 бабы, 4 бөлігі, «б» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалған
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 175 бабы, 4 бөлігі, «б» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалған
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 175 бабы, 4 бөлігі, «б» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалған

Оңтүстікте 400 тонна шикі мұнай ұрланғаны жайлы ақпарды Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметі таратты.

Қылмыстық топ жалпы сомасы 11 млн теңге болатын 400 тонна мұнай ұрлаған.

Тергеу барысында мұнай құбырын тесіп, одан ағызып алынған мұнай «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолын салушы асфальт-бетон зауыттарына сатылғаны анықталды. Қазір ұрланған мұнайды сатып алғандарға қарсы қылмыстық іс қозғалған.

«Береке» асфальт-бетон корпорациясы бастығы, «Шымкентжолқұрылыс» өндірістік кооперативінің директоры мен «Түлкібас жолдары» ЖШС басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Естеріңізге саламыз, желтоқсан айында ОҚО қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері «Құмкөл-Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан шикі мұнай ұрлап, заңсыз тасымалдаған, оны сақтап, өңдеген және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерн қолға түсірген болатын.