Шымкенттің «Ордабасы» футбол командасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бүгінде команданың бас бапкері Вахид Масудов грузия легионері Давит Чегалишвилиді сынақтан өткізуде. Естеріңізде болса, ол ойыншы кезінде Көкшетаудың Оқжетпесінде доп қуалаған болатын. Сондай-ақ, сербиялық футболшы да шымкенттіктермен бірге жүр.
«Қыран» командасында ойнаған Ерхат Закиев та бапкердің назарында. Күні кеше ордабасылықтар Әзірбайжанның «Интерімен» таласқа түсіп, 0-2 есебімен жеңіліс тапты. «Интер» қақпасына шымкенттіктер әдеттегідей 11 метрлік айып соққысын сала алмаған.