Сайрамның қазақтарын өзбекше оқытып отырған колледж

384
Қонаев колледжінде барлығы өзбек тілінде оқиды

 

Қонаев колледжінде барлығы өзбек тілінде оқиды
Қонаев колледжінде барлығы өзбек тілінде оқиды

Өңірдегі білім саласынан тағы бір былық шықты. Д.А.Қонаев атындағы №25 колледждің оқытушылары қазақ тіліне немқұрайлы қарайды. Бұл оқу орнындағы бағдарлама қазақ тілінде болғанымен, сабақ өзбек тілінде оқытылады. Сонда, 5 бірдей кәсіп бойынша өзбекше оқыған шәкірттер мемлекеттік тілде берілетін куәлікті қалай алмақ?

Бұрын бұл кәдімгі жәй мектеп болған. Ауыл балаларын оқытып бірден мамандық беруді ойласа керек облыстық білім басқармасы оны  колледжге айналдырып жіберіпті. Бірақ,  жастардың кәсіп алып шығуын ойлағандар, мемлекеттік тілдің жәйін қажағалауды әдеттегідей ұмытып кеткенге ұқсайды. Сұмдығы сол мұнда сабақтар түгелдей өзбек тілінде оқытылады. Бағдарлама да, сабақ кестесі де қазақша.

Десе де, ауылда өзге ұлт балалары арасында қазақ тілінде білім алғысы келетіндер көп. Олар амалсыздан аудан орталығына, не болмаса Шымкентке келеді. Өйткені іргедегі оқу орны мемлекеттік тілді менсінбейді. Қазақ  орыс топтары мүлдем жоқ. Қазір мұнда 400 студент өзге тілде білім алуда. Мұны білім басқармасының басшысы білетін болып шықты. Олар бұған мойынсұнған секілді.

Саны бар сапасы жоқ колледждермен күрес басталған шақта, мұндай білім ордасының пайда болуы ешкімді алаңдатпағаны қалай?!. Онын үстіне қазақтың біртуар азаматы Дінмұхамед Қонаевтың есімін иеленген оқу орынында осындай жағдай болып жатқанына көз жұмып қарап отыру дұрыс емес. Колледж ғимараттының тозығы жеткен. 1978 жылдан бері жөндеу көрмепті, сонда бұл Д.А Қонаев ағамызға көрсетілген қошаметтің қай түрі?!

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XeKCGc492wU[/youtube]