Биыл бағдаршам бағдарламасында басымдылық болмақ. Қала аумағында 23 бағдаршам алмастырылакды деген жоспар бар. Облыс бюджеті 206 млн теңге бөлді.
Өткен жылы 29 млн тенгеге бар болғаны 4 бағдаршам жаңартылыпты. Жалпы қала көшелерінде бар 139 бағдаршамның әлі 44 жаңарту қажет. Жаңа үлгідегі бағдаршамдар автоматты түрде басқарылатын болады.
Биыл жол үстіне жасанды кедергілер жасалмайды. Осы уақытқа дейін орнатылған 1035 шаршы метр кедергі жеткілікті екен. Олар білім ошақтарына жақын балалар көп жүретін жерлерге қойылған.
Ал қала орталығынан алынған ескі бағдаршамдар уақытша қала сыртында қызмет көрсететін болады.