Шымкентте дәрігер-хирург өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға күндіз Иляев көшесінде болған. Дәрігер-хирург өз қолының тамырын өзі кесіпті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменттің жедел құтқарушы тобы хабарлап отыр.
Мұндай жағдай бұрын да орын алғандықтан, таныстары дереу жедел жәрдем шақыртады. Есік ішінен ілінгендіктен, бұзып кіруге тура келді. Дәрігер тамырын кесіп, ваннаның ішінде жатқан.
Құдай сақтағанда, ол аман екен.