Шымкентте екі мейірбике нәрестені 6 мың АҚШ долларына бағалаған

337
Апталық сәбиді 6 мың АҚШ долларына бағалапты
Мейірбикелер №1 Перинатальдық орталықта жұмыс істеген
Мейірбикелер №1 Перинатальдық орталықта жұмыс істеген

Шымкентте екі мейірбике апталық нәрестені саудаламақ болды. «Ақ желеңді» жандар анасы тастап кеткен сәбиге жаңа ата-ана тауып беруді  ұйғарыпты. Сөйтіп сәбиді 6 мың АҚШ долларына сатпақ болған. Перзентхананың қос қызметкері қылмыс үстінде ұсталды.

Саудаға түскен сәбидің де өзі осы пәтерден табылған. Айы күн жетіп туылған нәресте жарық дүниеге келе тастанды атанған. 19 жастағы анасы перзентханада-ақ бауыр еті баласынан бас тартқан. Сол ақ екен перзентхананың қос қызметкері оны сатып ақша таппақ болады.

№1 перинаталдық орталықтың 2 мейірбикесі нәрестені саудалап жатқан жерінен ұсталды. Мейірбикелердің айтуларынша олар анасы бас тартқан сәбиге жаңа ата-ана тауып бермек болған. Баланы бауырына басуға ниет білдірген отбасы да табыла кеткен. Алайда, медицина қызметкерлері бұл қызметі үшін 6 мың АҚШ долларын сұрапты. Ұсталғандар «бұл баланың құжатын рәсімдеуге кететін қаражат» деп түсіндіргісі келді. Өздері одан көк тиын да пайда көрмепті. Ал, көкек анаға содан 100 мың теңге ұстатқан екен.

Апталық сәбиді 6 мың АҚШ долларына бағалапты
Апталық сәбиді 6 мың АҚШ долларына бағалапты

Ақ халаттылардың» абзал ойы заңға қайшы келгендіктен қаржы полициясы оларға қылмыстық іс қозғады. Алайда, ұсталғандар қызмет ететін мекемеде олардың бірінің баяғыда жұмыстан шығып кеткенін, ал екіншісінің бірәздан бері жұмыста жоқ екенін хабарлады.

Айта кетейік, босанысымен-ақ баласынан бас тартқан 19 жасар бойжеткен перзентінің мұндай  болашағынан мүлдем бейхабар болыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Whoie9-2wik[/youtube]