Шымкенттің әкімі өткен жылды қорытындылады

Қайрат МОЛДАСЕЙІТОВ. Шымкент қаласының әкімі
Қайрат МОЛДАСЕЙІТОВ. Шымкент қаласының әкімі
Қайрат МОЛДАСЕЙІТОВ. Шымкент қаласының әкімі

2012 жылы бітпей қалған жұмыстар 2013-те міндетті түрде жүзеге асады. Бүгін қала әкімі Қайрат Молдасейітов өткен жылды қорытындылаған жиында халықты осылай деп сендірді. Басым бөлігі коммуналдық қиындықтарға шағымданған тұрғындар шаһар басшысына алғыстарымен қоса өз ұсыныстарын да жеткізді.

Жылдық есепке дайындықтың күшті болғаны соншалық, әкімдіктің арнайы қызметкерлері залдағы бірде-бір адамды артық аттатқан жоқ. Шыбынның ызығы естілердей болған жиынға келгендердің кейбірі демін, тіпті, іштен алғандай. Сұрақтар да осы азаматтармен сараланып барып қойылды.

Баяндамаға сүйенсек, нақ осы жарықпен қамту мәселесіне қатысты жоспар былтыр 80-нен 90 пайызға өскен. Көгілдір отын беру ісі де біршама ілгерілепті. Бұл жұмыс 2013-те жалғасын табады деген әкім көпшіліктің коммуналдық қиындықтарға қатысты күдігін сейілтті. Мұнан бөлек, әлеуметтік нысандардың тапшылығы жұртты алаңдатыны байқалды.

Абай ауданы бойынша жасалған қорытындыда жұмысын аяқсыз қалдырғыш мердігерлер де шет қалған жоқ. Әкім ол проблеманы да қараймыз деп сөз берді. Осылайша кезекті рет уәде мен жауапкершілікті арқалап қайтқан басшыға қараша қанағаттанарлық деген баға беріп тарады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vmX2t6V5avo[/youtube]