Қажымұқан атындағы орталық стадионының жасыл алаңына төсеніш төселгелі жарты ғасырдан көп уақыт өтіпті. Осы алаңда талай жылдар доп тепкен Евгений Шкариннің айтуынша, алаң 1966 жылдан бері осы күйінде еш бір өзгеріссіз тұр.
Евгений Шкарин, футболдан жоғары дәрежелі төреші, футболшы: «Ашылған жылдары, әрине, шымкенттік аяқдопшылардың қуанышында шек болмады. Мұндай стадион еліміз бойынша барлық облыстарда бар деп айта алмаймын. Алайда, заман талабына сай болуымыз керек қой. Бүгінде арнайы шөп төселінуі қажет. Сондай-ақ, түрлі құрылғылар да пайда болған. Олар арқылы алаңды суғарып, жылытуға да болады. Сол кезде ауа-райы қандай қолайсыз болса да, кездесулер тоқтатылмайды».
Әрине, стадион өзгеріссіз қаз қалпында қала алмайды. Уақыт өткен сайын оның сапасы қай жаққа қарай өзгеріп жатқанын айтпасақ та түсіну қиын болмас. Оның үстіне алаңға жақынырақ барып қарасаңыз шөптің сиреп қалғанын, ал алаңның кейбір жерлері тегіс емес екенін де байқайсыз. Алайда, орталық стадионның қазіргі таңдағы басты проблемасы ол емес, басты мәселе трибунаның жарамсыздығы.
Естеріңізде болса, өткен жылы футболдан Премьер лига командалары арасындағы ел чемпионатының Шым қалада өтпей қалу қауіпі төнген болатын. Оған себеп орталық стадионның тиісті жағдайда болмауы. Маусым бастала салысымен-ақ, қатты желдің салдарынан жанкүйерлер отырған секторға жарық беруші құралдың бірі сынып құлаған да еді. Нәтижесінде трибунаның батыс бетіне жанкүйерлерге отыруға тыйым салынды.
Жаз бойы күннің аптап ыстығанына қарамастан оңтүстіктің футбол сүйер қауымы «Ордабасының» ойынын тамашалады. Жерлестеріміздің бірқатары дәрігерлердің көмегіне де жүгінді. Жанкүйер деген сондай ақ болсын! Алайда, олардың жан айқайына құлақ асар азамат табылмады. Жарық беруші құрал да, трибуна да әлі күнге дейін сол күйінде. Апатты жағдайда.
Футболдан биылғы маусым наурыздың тоғызына қайта басталады. «Ордабасы» футбол командасы павлодардың «Ертісін» өз алаңында қабылдайды. Ал стадионымыздың дайындығы сын көтермейді. Ресми емес мәліметтерге сенсек, орындықтарды ауыстыру үшін облыстық бюджеттен 50 миллион теңге сұралыпты. Алайда, беріледі ме, жоқ па әзірге белгісіз. Облыс әкімі мақұлдағандай болыпты деседі. Оны да уақыт көрсетер.
Ең қызығы биыл бірінші лига командалары арасындағы ел бірінішілігінде Шымкенттен үш бірдей команда сынға түседі. Олар: «Қыран» , «БИИК» және «Мақтарал». Командалардың қатары артуда, ал оңтүстістіктің жалғыз орталық стадионы апатты жағдайда.Стадионда