Түркістанда жарылғыш зат табылды

431
Түркістан қаласы
Түркістан қаласы
Түркістан қаласы

Жарылғыш затты қала көшелерінің бірінен жергілікті тұрғын тапты.

Ер адам бірден ішкі істер басқармасына телефон шалды. 36 жастағы тұрғын полицейлерге табылған зат жер бетіне жартылай шығып тұрғандығын және ол минаға өте ұқсас екендігін айтты. Оқиға орнына полицияның 40 адамнан тұратын жасағы жіберіліп, қауіпті учаске бірден қоршауға алынды.

Әскери бөлімнің саперлері диаметрі 40 см дөңгелек зат расымен де әскери оқулар кезінде пайдаланылған мина екенін анықтады.

Полицейлердің мәліметінше, бұл снаряд — оқуға арналған, және ол полигонда өткізілген оқулардан кейін қалып қойған.