Дипломмен ауылға!
Дипломмен ауылға!
Дипломмен ауылға!

«Дипломмен ауылға!» Жоғары оқу орнын бітірген әрбір жасқа 2009 жылдан бері айтылып келе жатқан қағида. Мақсаты жас мамандармен ауылдық елді мекендердің әлеуетін көтеру. Ауылға жас мамандарды көптеп тарту. Осы бағдарлама алғаш болып, Оңтүстікте жүзеге асқан болатын. Алайда жеткен жетістігі мен кемшін тұстары да жетерлік дейді жастар.

Қуаныш Ахметов
Қуаныш Ахметов

Қуаныш Ахметов, белсенді жас: «Диплом алған жастардың басым көпшілігі ауылға барғысы келмейді. Барса да бағдарламада көрсетілген артықшылықтың бәрі жасала бермейді екен. Бірі ақшасын ала алмай жүрсе, енді бірінің келісім-шарт бойынша берілген үйін тартып алған да екен. Осыны естіген жас, қалай барады, қалай жұмыс істейді. Мемлекет тарапынан жағдай жасалғанымен, шынымен қадағалып, жастардың жағдайымен танысып жатқан бір адам жоқ».

Сонымен өткен екі жылды сараласақ. 2011-2012 жылдары дәл осы бағдарламамен 1191 жас жұмыспен қамтылыпты. Жіктейтін болсақ, Олардың : 670-і мұғалімдер, 395-і дәрігерлер болса, мәдени қызметкерлердің саны -35, спорт саласы бойынша-40, әлеуметтік салаға-51 жас тартылса, 4-еуі ветеринар мамандары екен.

Дегенмен, жастардың бағдарламаны жіті түсінбеуінен кемшіліктер де орын алып жатады. Келісім-шартқа отырған жас маман ауылды жерсінбесе, мемлекеттің қаржысын қайтаруға міндетті екен.

Заңғар Үсіпахметов, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы: «Егер де, келісім-шарт бойынша берілген жылды бірінші болып үзетін болсаңыз, мемлекеттің қаржысын қайтаруға мүдделі боласыз. Сондықтан ойланып барып, болашаққа қадам басқан дұрыс».

 

Осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында өткен «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге жиналған жастар, мемлекеттік жасап отырған жағдайына қиянат жасамай, аманаттаған міндетті абыроймен атқаруға шақырды.