«Дипломмен ауылға!»: Бюджеттік кредит Отбасы банкке төленеді

68
Дипломмен ауылға!

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында барлық бюджеттік кредит Отбасы банкке төленеді. Бұған дейін ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен Отбасы банк жобаның сенімді агенті болып бекітілген болатын.

Бұдан былай бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған кредиттер, сондай-ақ көтерме жәрдемақы банк арқылы рәсімделеді.»Қазіргі уақытта мұндай қарыздарды 38 000 қазақстандық азамат алды.

Енді «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуға тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара», – дейді банк қызметкерлері. Кредит талаптары өзгермейді. Ал уақытты үнемдеу және мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды.

Жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.