Қаруласына оқ атқан

362
Оқиға Жаркент қаласының маңында болған
Оқиға Жаркент қаласының маңында болған
Оқиға Жаркент қаласының маңында болған

Мақтарал ауданынан әскерге аттанған сарбаз оқу-жаттығулары кезінде қаза тапты. Оқиға Жаркент қаласының маңында болған. Көктал оқу орталығына жиналған №18 404 әскери бөлімнің десанттық ротасы жоспарлы жаттығуын өткізген.

Тапсырманы орындау үстінде мерзімді қызмет сарбазының байқаусызда атқан оғы жауынгер Тәженов Айдостың кеуде тұсына барып тиіпті. Әскери дәрігерлер жаралы жігітке тиісті көмек көрсетуге тырысқан. Алайда, есін жимаған сарбаз Жаркентке барар жолда жан тапсырды.

Қазір істің мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары тергеу-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.