Таяуда Шымкентте бір адам 16 метрлік құдыққа құлап түсті. Оған арнайы құтқару жасағының мамандары көмектескен. Бұл оқиға жайлы суыт хабар 10-наурыз күні 112 нөміріне Қызылжар ауылынан түскен. Қоңырау шалғандар осындағы тереңдігі 16 метрлік құдыққа жас жігіттің құлап кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына кезекші топ шұғыл аттанады. Құтқарушылар зардап шеккен жігітті альпинистік құралдың көмегімен сыртқа алып шықты. Алдын ала болжам бойынша, осынша биіктен құлаған жігіттің екі аяғы бірдей сынып кеткен. Дегенмен, Құдай сақтағанда өзінің жаны аман қалды. Зардап шеккен жігіт жердің бетіне шығарылған соң дәрігерлер оған дереу алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін ауруханаға алып кетті.