«Шымкент-Алматы» жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Ірі жол көлік оқиғасы Алматы -Ташкент тас жолында болды
Ірі жол көлік оқиғасы Алматы -Ташкент тас жолында болды
Ірі жол көлік оқиғасы Алматы -Ташкент тас жолында болды

Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Қаза тапқандар бар. Ірі жол көлік оқиғасы Алматы -Ташкент тас жолында болды.

«Мерседес» жеңіл автокөлігі Алматыға бет алған 30 жолаушысы бар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан «Мерседес» ыршып түсіп тағы бір көлікпен соқтығысты. Содан кейін өртеніп кеткен. Жол апаты 5 адамның өмірін жалмады.

Қаза тапқандар арасында автобус жүргізушісі де бар. Ол Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылының 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ, «Мерседес» көлігін тізгіндеген жігіт пен оның екі жолаушысы да тіл тартпай кетті.

Мәйіттер Қордай аудандық орталық ауруханасының мәйтіханасына жеткізілген.