8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында өңіріміздегі нәзік жандыларды құттықтау шарасы басталып кетті.
Бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ұжымы билік пен бұқара халық арасындағы алтын көпір атанған БАҚ-тағы әйел басшыларды, бас редакторлар мен меншікті тілшілерді құттықтады.
Ардақталған арулар арасында «Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы Жамиля Мамырәлі мен «Рабат» басылымының бас редакторы Фарида Шарафутдинова болды.
Партия атынан әйелдер қауымына сыйлықтар үлестірілді.