ОҚО-да бір топ алаяқтар қолға түсті. Олар жалған құжаттар әзірлеу арқылы жергілікті банктерден 2 млрд. теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан.
Тергеу бірнеше адамнан құралған күдіктілер бір жоспар бойынша арам ойларын іске асырып келген. Жеке меншік және мемлекеттік мекемелердегі таныстарының арқасында олар алаяқтық жолмен жылжымайтын мүліктің құжаттарын жасанды жолмен жасатып, оның құнын асырған.
Содан кейін банк менеджерлері арқылы кредитін рәсімдеп, қолма-қол ақша алған.
Алаяқтардың әрекетінен Шымкенттегі банктердің біріне келтірілген шығын мөлшері 2 млрд теңгеден асып отыр.