«Ана тілі және отбасы» байқауы өтті

Мұндай байқау аталған мектепте осымен бесінші рет өткізіліп жатыр
Мұндай байқау аталған мектепте осымен бесінші рет өткізіліп жатыр
Мұндай байқау аталған мектепте осымен бесінші рет өткізіліп жатыр

Бүгін Оңтүстікте «Шаттық» күні. Осыған орай Шымкенттегі барлық білім мекемелерінде Әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар өткізілді.

Мәселен, осы күні Оңдасынов атындағы №38 гимназияда түрлі ұлттың өкілдерінен құралған оқушылар мен олардың ата-аналары «Ана тілі және отбасы» сайысына қатысты.

Сәлемдесу, Мақал — сөздің мәйегі, Үй тапсырмасы, Өнерлі өрге жүзер кезеңдері бойынша 4 түрлі сыннан өткен отбасыларға қойылған талап біреу. Барлығы да өз өнерлерін таза Қазақ тілінде көрсетуі шарт болды.

Қазақ тілінің бейбітшілік тілі екенін насихаттаған орыс, кәріс, татар және әзербайжан ұлттарының өкілдері әз мерекенің көркін қыздыра түсті.

Айта өткен жөн, әз-Наурызбен тұспа-тұс келген мұндай байқау аталған мектепте биыл 5-ші рет өткізіліп жатыр.